Бүгін Федоров аудандық мәслихатының депутаттары тұрақты комиссия отырысында «Первомай ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жай-күйі және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» және «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы туралы» екі мәселені қарады.
Бірінші мәселе бойынша Первомай ауылдық округінің әкімі М.Л. Турмин баяндама жасап, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін, кіріс көздерін қалыптастыру жөніндегі ақпаратты, жергілікті қоғамдастықтың қызметі және округтің таяу келешегі туралы баяндады.
Депутат С.А. Баймурзина комиссия отырысына қатысушыларын Первомай ауылының әлеуметтік саласын зерделеу мақсатында аудандық мәслихат депутаттарының ауылға баруы туралы хабардар етті. Ол ағымдағы жылы елді мекен үшін сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылысы маңызды оқиға болғанын, сондай-ақ «Первомай ауылында ФАП құрылысы» ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінгенін атап өтті.
«Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы туралы» екінші мәселе бойынша «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.И. Шматко сөз сөйледі. Ол жайылымдардың қолда бар қорлары туралы, сондай-ақ кейбір ауылдық округтердегі олардың тапшылығы туралы айтты. Жайылымдарды пайдаланудың барлық мәселелері халық жиындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыстарында шешілетінін атап өтті.
Мәселелерді талқылағаннан кейін депутаттар тиісті қаулылар қабылдады.