Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

Бүгін Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының отырысы өтті.

Сессияда 4 мәселе қаралды. 2023-2025 жылдарға арналған ауданның ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттеріне енгізілетін өзгерістер туралы мәселе бойынша депутаттарды «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко хабардар етті. Сондай-ақ, сессияда аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және күшін жою туралы мәселелер қаралды, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілді.

Кезектен тыс сессияға енгізілген барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.