Жаңа шақырылым депутаттарын оқыту

Жаңа шақырылым депутаттарын оқыту

Ағымдағы жылдың 19 наурызында өткен аудандық мәслихатқа депутаттарды сайлау нәтижелері бойынша Федоров аудандық мәслихаты депутаттарының құрамы 64%-ға жаңартылды. Осыған байланысты 2023 жылғы 30 наурызда Федоров аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Ж.С. Мурзахметова аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының депутаттарын мәслихат құзыретімен, мәслихат депутатының өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі құқықтарымен, міндеттерімен және жауапкершілігімен таныстыра отырып, оқытуды өткізді.

Мәслихат депутаттары ең алдымен халықтың еркін білдіреді. Бұл қиын міндетті орындау үшін өз дағдыларын үнемі жетілдіріп отыру керек.