Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының I сессиясы

Федоров аудандық мәслихаты сегізінші  шақырылымының I сессиясы

30 наурызда аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының I сессиясының отырысы өтті.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тауба Каиржанович Исабаев, аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымның  депутаттары,  аудан әкімінің орынбасары, ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарының басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Т.М. Волоткевич 2023 жылғы 19 наурызда өткен аудандық мәслихат депутаттарын сайлау нәтижелерін айтып, депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті. Сайланған 11 депутаттың ішінде 7 адам алғаш рет аудандық мәслихаттың депутаты болды. Депутаттық корпустың құрамы 64%-ға жаңартылды.

Федоров ауданының әкімі Тауба Каиржанович жетінші шақырылымның депутаттарына алғысын білдіріп, аудандық мәслихаты депутаттарының жаңа құрамына табыс тіледі.

Сессия барысында Федоров аудандық мәслихатының төрағасы болып Берик Ескендирович Исенгазин сайланды.

Депутаттар аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясының құрамын құрып, бекітті, сондай-ақ олардың төрағаларын сайлады. Солай, бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаров, әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы - Елена Александровна Запорожану болды.

Сондай-ақ, сессияда Федоров аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, «AMANAT» депутаттық фракциясы түріндегі депутаттық бірлестік тіркелді.