Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні

1 қазанда қазақстандықтар Халықаралық қарттар күнін мерекелейді. Бұл күні жас ұрпақ үлкендерге түрлі қызмет салаларында ел алдындағы қызметтері үшін құрмет көрсетеді.

Бүгін Федоров аудандық мәслихатының хатшысы Б.Е. Исенгазин және Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің төрайымы З.А. Шашкова қарттар М.Ж. Исмаиловаға, Н.И. Мирошниченкоға және В.И. Мирошниченкоға құрмет көрсетті. Олар зейнеткерлерді мерекемен құттықтап, гүлдер мен азық-түлік жиынтықтарын сыйлады, оларға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.