Федоров аудандық мәслихатының әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Федоров аудандық мәслихатының әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

9 қыркүйекте аудандық мәслихаттың депутаты Н.Жупардың төрағалығымен әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті, «Пешков ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» мәселе қаралды.

Осы мәселе бойынша баяндамамен Пешков ауылдық округінің әкімі А.К. Ержанов сөз айтты, әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін, округтің жақындағы перспективалары және проблемалық мәселелерін айтып кетті.

Осы мәселені қарастыруға дайындалу шеңберінде ағымдағы жылдың 26 тамызында аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Е. Исенгазин және мәслихат депутаттары С.А.Баймурзина және А.С. Резник құрамында жұмыс тобы Пешков ауылдық округіне барды.

Ауылдық округіне барудың қорытындылары туралы аудандық мәслихаттың депутаты С.А. Баймурзина хабардар етті.

Тұрақты комиссия округтің тұрақты дамуы туралы айтып өтті: округ орталықтандырылған сумен жабдықталған, әлеуметтік саласы дамытуда.

Осымен бірге ауылдық округтің әлеуметтік саласының мамандарына тұрғын үй мәселесі проблемалық мәселесі болып қала береді.

Мәселені талқылаудан кейін депутаттар тиісті қаулы қабылдады.