Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының  бірлескен отырысы өтті

2021 жылғы 30 наурызда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Комиссиялардың жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің төрайымы қатысты.

Комиссияларда екі мәселе қарастырылды: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» және «Костряков ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есеп беруі туралы».

Бірінші мәселе бойынша «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.А. Бакитжанов баяндама жасады. Ол 2018-2020 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде біздің ауданда іске асырылған жобалар жөнінде, сондай-ақ ағымдағы жылға жоспарлар туралы депутаттарды ақпараттандырды.

2021 жылы 8050,0 мың теңге жалпы сомасына 12 әлеуметтік-маңызды жобаны іске асыру жоспарлануда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру биылғы жылы 6 бағытты қамтиды: білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мақсаттарға қол жеткізу («Спорт және жастар», «Тіл – Тәуелсіздік тірегі»); жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау («Жайдарман» КТК); отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуде қолдау көрсету («Мықты жас отбасы»); азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау («Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру»); мәдениет пен өнерді дамыту («Мәдени мұра»); мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторингті жүргізу («Құпия сатып алушы»); тарихи-мәдени мұраны қорғау («Федоров ауданының тарихы»).

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша барлық жобалар жарияланды, ҮЕҰ-дан тапсырыс беру рәсімі өтіп жатыр.

Екінші мәселе бойынша Костряков ауылдық округінің әкімі      А.Д. Куантаев баяндама жасады.

Ол округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, кіріс көздерін қалыптастыру бойынша ақпаратты, азаматтардың қабылдауын ұйымдастыру және жергілікті қоғамдастықтың қызметі туралы әңгіме қозғады.

Тұрақты комиссия округтің тұрақты дамуын, салықтың уақытылы және толық жиналуын, округ халқы тарапынан шағымдардың болмағанын белгілеп кетті. Депутаттар су тасқыны мен абаттандыру, округтегі жастар демалысын ұйымдастыру және әлеуметтік объектілерді мүгедектер мұқтаждығына бейімдеу мәселелерін қозғады.

Мәселелерді талқылағаннан кейін депутаттар тиісті қаулыларды қабылдады.