Федоров аудандық мәслихаты жетінші шақырылымының ІІ сессиясы

Федоров аудандық мәслихаты  жетінші шақырылымының ІІ сессиясы

2021 жылғы 18 наурызда депутат А.М. Байназаровтың төрағалығымен  аудандық мәслихат жетінші шақырылымының ІІ сессиясы өтті.

   Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.К Исабаев қатысты, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің төрайымы шақырылды.

   Сессияда барлығы үш мәселе қарастырылды.

«Қостанай облысы Федоров ауданының аумағын дамытудың  2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы» мәселесі бойынша негізгі баяндамашы «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары Т.А. Аслиева сөз сөйледі. Өз баяндамасында бөлім басшысының орынбасары Федоров ауданының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

         Осы мәселе бойынша қосымша баяндамашылар: «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы        А.Р. Уразбаев, «Федоров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі Ж.Ж. Айменов сөз сөйледі. Олар өз салаларындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөнінде ақпарат берді.

         Депутаттар уәкілетті органдар ұсынған бағдарламаның іске асырылуын талдау негізінен қызметтің барлық салалары бойынша тұрақты көрсеткіштерді көрсетіп отырғанын атап өтті. Мынадай шешім қабылданды: Қостанай облысы Федоров ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы орындалды деп саналсын.

         «Мәслихаттың 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 487 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары   Т.А. Аслиеваның ақпараты тыңдалды.

         Федоров аудандық мәслихатының жетінші шақырылымы ІІІ сессиясының төрайымы болып депутат Сауле Арстановна Баймурзина сайланды.