
Бүгін Федоров аудандық мәслихатының кезекті XV сессиясының отырысы өтті. Отырыста депутаттар үш мәселені қарады.
Жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеппен Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаев сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін ұсынып, өңірдегі инвестициялық ахуал мен экономикалық әлеует туралы айтып өтті. Автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау мәселелеріне, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын дамытуға ерекше назар аударылды.
Аталған мәселе бойынша жарыссөзде аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.М. Байназаров сөз сөйледі. Ол ауданның атқарушы органдары тарапынан әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
Есепті қарау қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаттары оны бірауыздан бекітті. Сессия шешімімен аудан әкімінің орынбасарларына, ауылдық округ әкімдеріне және әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелердің басшыларына ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне одан әрі қол жеткізуге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, отырыс барысында депутаттар мәслихаттың 2011 жылғы 28 ақпандағы № 435 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы және мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімдер қабылдады.