
Бүгін Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.Қ. Исабаев, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко сөз сөйледі, ол депутаттар мен сессияға қатысушыларды аудандық бюджетке ұсынылған өзгерістер туралы хабардар етті.
Екінші мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттары аудандық жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекітті.
Сессияда Федоров ауданының № 8 округтік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды.
Барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.