Құрметті Федоров ауданының тұрғындары!
2026 жылғы 29 маусымда сағат 10:00-де Facebook әлеуметтік желісінде (https://www.facebook.com/profile.php?id=100082412589053) Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының онлайн-трансляциялауы өтеді.
Сессия отырысында мынадай мәселелер қаралады:
- Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.