
2026 жылғы 4 маусымда Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мынадай мәселелер қаралды:
Қоғамдық кеңестің мүшесі Б.А. Сапарова Жаркөл станциясының тарихы, жұмысы туралы хабардар етті (қазіргі уақытта тек жүк тасымалы жүзеге асырылуда, жолаушыларды тасымалдаудан тек 1 – Қайрақ-Қостанай).
Болашағы туралы Жаркөл станциясының бастығы А.М. Жилгельдин шілде айында Қоғамдық кеңестің келесі отырысында баяндайды.
Федоров ауданында автобус қозғалысын ұйымдастыру туралы ТКШ бөлімінің бас маманы Ж.Ж. Айменов баяндады.
Федоров ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дәріптеу және насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
36 мемлекеттік мекемеде қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік рәміздерді орналастыру және пайдалану қамтамасыз етілген.
Аудан әкімдігінің қаулысымен комиссия құрылды, ол «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын тұрақты негізде бақылайды, тұрақты түрде мониторингтер жүргізіледі.
Мониторинг қорытындысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы заңнаманың талаптарын бұзушылықтар анықталды.
Қоғамдық кеңес рәміздерді заң талаптарына сәйкес ауыстыру бойынша хатты дайындап, жоғары тұрған ұйымға жіберуге шешім қабылдады.
2026 жылға бекітілген жоспарға сәйкес 23 әлеуметтік маңызы бар нысан бейімделуге жататыны атап өтілді. 2026 жылғы 4 маусымдағы жағдай бойынша 3 нысанда бейімдеу жұмыстары басталды. 20 нысан бойынша жұмыс жүргізілмейді.
Қоғамдық кеңес ұйымдардың басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, Қоғамдық кеңес мүшелерінің, «AMANAT» партиясы мүшелерінің қатысуымен мониторинг жүргізуді жалғастыруға шешім қабылдады.
Мониторингке сәйкес 16 мемлекеттік мекеменің 2-нде сәйкессіздіктер анықталды. 1 ай ішінде анықталған ескертулер жойылады.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина