Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының сегізінші шақырылымының отырысы өтті.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.Қ. Исабаев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

«Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 225 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша сессия қатысушыларын «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко хабардар етті.

Ол ауылдық округ ішіндегі бюджеттік бағдарламалар арасында бюджет қаражатын бірінші кезектегі міндеттерге қайта бөлуге байланысты төртінші деңгейдегі бюджетке енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді.

Сессия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, тиісті шешім қабылдады.