Федоров аудандық мәслихатының ХIV сессиясы өтті

Федоров аудандық мәслихатының ХIV сессиясы өтті

Бүгін Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының XIV сессиясы өтті.

Сессияда Федоров ауданының аудандық бюджетінің және ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылу мәселелері қаралып, Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына және Федоров ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.

Сессия жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасары К.К. Муратова, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Р.С. Байгабулов, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аудан бюджетінің атқарылуы туралы негізгі баяндаманы аудан әкімінің орынбасары К.К. Муратова жасады. Ол 2025 жылғы аудан бюджетінің кіріс бөлігі 105,3% құрағанын атап өтті. Бюджеттің шығыс бөлігі 100% орындалды. 2025 жылы аудан экономикасында оң динамика байқалды: ауылшаруашылық өнімі көлемінің өсу НКИ 115,1%, инвестициялар (81,9%), құрылыс (9,5 млрд. теңге), сумен жабдықтаудың белсенді дамуы (40 ауыл қамтылды, қамтылу деңгейі – 98,7%), газбен жабдықтаумен қамтылуы 36,3% жетті, ауданның жарықтандырылу деңгейі 93% құрады, автомобиль жолдарын жөндеу жобаларын іске асыру арқасында жақсы және қанағаттанарлықтай жағдайдағы үлесі 82% жетті. Тұтастай алғанда, бұл ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын куәландырады.

Федоров ауданы бюджетінің атқарылуына бақылау нәтижелері туралы Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Р.С. Байгабулов ақпарат берді, ол бюджет қаражаттарын сапалы және уақытылы игеруін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсыныстар берді.

Бюджеттің кірік бөлігінің атқарылуы туралы «Федоров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқару» РММ басшысы Т.С. Губайдулин баяндады.

Федоров ауданы бюджетінің 2025 жылы атқарылуы бойынша аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.М. Байназаров қорытынды жасады.

XIV сессияның барлық мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.