Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының ХIV сессиясы 2026 жылғы 24 сәуірде сағат 10:00-де Федоров ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның қарауына мынадай мәселелер енгізіледі:
- Федоров ауданы аудандық бюджетінің 2025 жылы атқарылуы туралы.
- Федоров ауданы ауылы, ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылы атқарылуы туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 22 қарашадағы № 82 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.