Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының отырысында 9 мәселе қаралды.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаев, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі алғашқы үш мәселе бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко хабарлады.

Ол мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне, сондай-ақ мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 222 «Федоров ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне енгізілетін өзгерістер туралы баяндады.

Сонымен қатар, баяндамашы Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, сессия барысында Федоров ауданы әкімдігі жанындағы 6 консультативтік-кеңесші органның құрамына өзгерістер енгізілді.

Сессия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.