Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 9 сәуірде сағат 10:00-де Федоров ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

Сессияның қарауына мынадай мәселелер енгізіледі:

  1. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы.
  3. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 222 «Федоров ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғаммен етене араласуы мәселелері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Мәслихаттың 2019 жылғы 5 ақпандағы № 312 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 167 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. Мәслихаттың 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69 «1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін растау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  8. Мәслихаттың 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 112 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  9. Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.