
Федоров аудандық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес бүгін сегізінші шақырылымның XIII сессиясы өтті.
Сессияда 2 мәселе қаралды: Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Федоров ауданында іске асыру барысы туралы және Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылы жүргізілген жұмыс туралы есеп беруі туралы.
Мектепке дейінгі, орта білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.А. Бектыбаева баяндады.
Ауданның білім беру жүйесі 5 бөбекжай-бақша, 18 шағын орталық және 23 мектептен (6 бастауыш, 3 негізгі, 14 орта) тұрады. Сондай-ақ ауданда 3 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді. Жыл сайын білім беру ұйымдарында материалдық-техникалық базаны нығайту және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін жағдайларды жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Ақшалай қаражат күрделі және ағымдағы жөндеуге, ғимараттарды бейімдеуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (дабыл түймелерін, күзет дабылын, бейнебақылауды және т.б. орнату және қызмет көрсетуге), жиһаз бен жабдықты жаңартуға, инклюзивті білім беруді дамытуға, пәндік кабинеттерді сатып алуға, мектеп көлігіне жіберіледі.
Федоров ауыл шаруашылығы колледжінің директоры С.А. Баймурзина сессияға қатысушыларды ауданда техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамасының іске асырылуы туралы хабардар етті. Колледж 276 студентті 5 мамандық бойынша оқытады: аспаз, электр монтажшы, ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі, ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу шебері, электргазымен дәнекерлеуші. Оқыту бюджеттік негізде, жатақханада тұра отырып, қаладан тыс студенттер үшін ыстық тамақ және жол жүру үшін біржолғы жеңілдіктер, сондай-ақ табысты білім алушыларға стипендиялар беріле отырып жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы колледжі 100% жоғары білікті педагогикалық кадрлармен қамтылған, оның 48%-да өндірісте жұмыс тәжірибесі бар. Бүгінгі таңда дуальды оқытумен қамту контингенттің 44% құрайды.
Федоров ауданының білім бөлімі басшысының және ауыл шаруашылығы колледжі директорының ақпаратын тыңдап, аудандық мәслихат депутаттары Федоров ауданының білім беру мекемелерінде тұжырымдаманы іске асыруға, оқыту сапасын жүйелі жақсартуға, білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қызмет жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б.Е. Исенгазин күн тәртібіндегі «Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылы жүргізілген жұмыс туралы есеп беруі туралы» екінші мәселе бойынша сөз сөйледі. Есепті кезеңде барлығы 12 сессия, оның ішінде 4 кезекті, 8 кезектен тыс сессия өткізілді, олар аудан әкімінің және депутаттардың бастамасымен шақырылды. Аудандық мәслихаттың құзыретіне сәйкес есепті кезеңде 66 шешім қабылданды, оның ішінде 15 – нормативтік құқықтық сипаттағы шешім.
Аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясы 2025 жылы ауданның атқарушы органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары мен қауымдастық өкілдерінің қатысуымен түрлі әлеуметтік бағыттағы 17 мәселені қарады. Есепті кезеңде депутаттардың жұмыс топтары 26 нысанды аралады, 4 ауылдық округ қамтылды. Федоров аудандық мәслихатының депутаттары ауданның мемлекеттік органдарына 22 депутаттық сауал жолдады, олар бойынша түсініктемелер берілді.
Сегізінші шақырылымның депутаттық корпусы Федоров аудандық мәслихаты төрағасының есебін мәліметке алды.
XIII сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.