Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы өтті.

Сессияда 3 мәселе қаралды.

«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко сөз сөйледі. Ол 2025 жылдың соңында қалыптасқан және аудандық бюджетті атқару барысында пайда болған бюджет қаражаты қалдықтарының бөлінуі туралы айтып берді.

Сондай-ақ сессия отырысында Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізілді және Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы аудандық мәслихат шешімдерінің күші жойылды.