Құрметті Федоров ауданының тұрғындары!
2026 жылғы 9 ақпанда сағат 10:00-де Facebook әлеуметтік желісінде (https://www.facebook.com/profile.php?id=100082412589053) Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының онлайн-трансляциялауы өтеді.
Сессия отырысында мынадай мәселелер қаралады:
- Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2011 жылғы 28 ақпандағы № 435 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.