Конституциялық реформаны талқылау

Конституциялық реформаны талқылау

Федоров аудандық мәслихатының депутаттары Қостанай облыстық мәслихаты бейнеконференцбайланыс режимінде ұйымдастырған конституциялық реформаны талқылау жөніндегі кеңеске қатысты. Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е. Ещанов, Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде, комиссияның жұмысы және Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылған өзгерістердің жобасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, конституциялық реформа мәселесі бойынша Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Ч. Бектурганов, Қостанай облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары сөз сөйледі.