25 желтоқсанда Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мынадай мәселелер қаралды:
Өз есебінде аудан әкімі тұрғындардың назарына аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 118,2%-ға орындалғанын жеткізді.
Инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда:
«Промбаза – 7» ЖШС зауытын реконструкциялау шеңберінде өсімдік майы өндірісі бұрынғы 60 000 тоннаның орнына 100 000 тоннаға дейін көбейді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі орындалатын болады.
25114 ш. м. тұрғын үй қолданысқа енгізілді.
Федоров ауданында 44 елді мекен бар, халық саны 24223 адамды құрайды.
Сумен жабдықтау 2025 жылдың аяғында 100%-ға жетті.
Жолдардың жағдайы жақсарды: ағымдағы жылы 2,8 млрд.теңге сомасына ұзындығы 58,8 шақырым 11 жол учаскесі жөнделді. 2026 жылға 1 млрд. 217,3 млн. теңге сомасына 6 жол учаскесі ауыспалы болып табылады. Жоспарланған жұмыстарды жалғастыру мақсатында 9 жол учаскесіне сараптама қорытындысымен техникалық құжаттама әзірленді. Федоровка ауылында 57 млн. теңге сомасына тротуарлар орнатылды, жұмыстар 100% аяқталды.
Тәуба Қайыржанұлы өз есебінде аудан халқының өмір сүру деңгейіне ерекше назар аударды: азаматтарды жұмысқа орналастыру; жаңа жұмыс орындарын құру; аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау; денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт қызметінің жұмысына; елді мекендерді абаттандыруға.
Ауданда халықтың экологиялық мәдениетін жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2026 жылға арналған міндеттер анықталды.
Өз сөзінде ауылдық округ әкімі осындай маңызды жайларға тоқталды:
Жолдарды жөндеу: барлық жоспарланған жұмыстар орындалды. 2026 жылға Федоровка ауылындағы М.Әуезов, Легкодухов, Желтоқсан, Б. Климов, Горький көшелерін, Жаркөл ауылындағы Луговая көшесін, Копыченка ауылындағы Луговая көшесін жөндеу жоспарланған, ЖСҚ бар.
Жарықтандыру: Федоровка ауылында – 81%, Владыкинка ауылында – 59%, Жаркөл ауылында – 96%, Копыченка ауылында – 49%, Приозерное ауылында – 100%, Зытышенка ауылында 4 көше бойынша жарықтандыру 2026 жылдың қаңтарына жоспарланған. Сонымен қатар, жалпы сомасы 56,2 млн.теңгеге 34 шақырым 18 көшені жарықтандыруға бюджеттік өтінім әзірленді.
Округтің барлық ауылдары сумен қамтылған.
Федоровка (1369 абонент), Жаркөл (76 абонент), Приозерное (51 абонент), Копыченка (60 абонент) ауылдары газбен қамтылған.
Құрылыс: жабық спорт алаңының құрылысы аяқталды.
2025 жылы Федоровка ауылын абаттандыруға көп көңіл бөлінді, 2026 жылы жұмыс жалғасады.
Сондай-ақ отырыста Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина