Депутаттар 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекітті

Депутаттар 2026-2028 жылдарға арналған аудандық  бюджетті бекітті

26 желтоқсанда Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының XII сессиясы өтті.

Cессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаев, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Сессияда 6 мәселе қаралды.

«Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» мәселесі бойынша Федоров ауданы әкімінің орынбасары К.К. Муратованың баяндамасы тыңдалды. Ол бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің көзделген қаражаты жөнінде, жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттер туралы ақпаратты жеткізді.

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.М. Байназаров 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетінде  ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық міндеттерін шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қаражат көзделгенін атап өтті.

Депутаттар 2026 жылға арналған аудандық бюджеттің кіріс бөлігін трансферттерді есепке алғанда 4 млрд. 729 млн. 744 мың теңге сомасында бекітті.

Сонымен қатар сессияда әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Е.А. Запорожану сөз сөйледі,  ол сессияға қатысушыларды 2025 жылға арналған Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссиялар жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті. «Федоров ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» мәселе бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы  С.Ф.Завощенко айтып өтті.

Сондай ақ сессияда депутаттар 2026 жылға арналған аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарын бекітті және  Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізді.

29 желтоқсанға дейін сессия жұмысында үзіліс жарияланды, содан кейін «Федоров ауданы ауыл, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» мәселесі қаралатын болады.