2026-2028 жылдарға арналған аудан, ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің жобалары тыңдалды

2026-2028 жылдарға арналған аудан, ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің жобалары тыңдалды

Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасы туралы» және «Федоров ауданы ауыл, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттерінің жобасы туралы» мәселелерді қарады.

Отырысқа аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, ауданның мемлекеттік мекемелері мен қоғамдық ұйымдарының басшылары қатысты.

Екі мәселе бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Ф. Завощенко баяндама жасады. Өз сөзінде ол Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетінің көрсеткіштері, жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге, қорғанысқа, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға, мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістік, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, көлік және коммуникацияларға 2026 жылға арналған көзделген кірістер туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, аудандық бюджеттен ауыл, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі туралы ақпарат жеткізілді. Аудандық бюджетте жергілікті атқарушы органның кезекті қаржы жылына арналған шұғыл шығындарға және аудан аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған резерві жоспарланған.

 Сондай-ақ, депутаттар алдағы XII сессияның күн тәртібін және Федоров аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша шешім жобасын қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия аталған жобаларды сегізінші сайланған аудандық мәслихаттың XII сессиясының қарауына енгізуге қаулы етті.