Бүгін Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы өтті.
Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаев, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияда 2 мәселе қаралды.
Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы бірінші мәселе бойынша депутаттарды «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко хабардар етті.
Екінші мәселемен депутаттар Федоров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 111 «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізуді талқылады.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, тиісті шешім қабылдады.