Сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы хабарлама

Сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Федоров аудандық мәслихаты шығып кеткеннің орнына Федоров ауданының № 799, 800, 818, 820, 832, 837, 842, 843 учаскелері бойынша учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына үміткерлер бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды.

Ұсыныстар саяси партиялар мен басқа қоғамдық бірлестіктерден хабарлама жарияланғаннан кейін 15 күн мерзімінде қабылданады.

Үміткерлерді тіркеу мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Федоров ауылы, Красноармейский көшесі, 53, № 28 кабинет, телефон 22211. 

Аудандық мәслихаттың төрағасы                                      Б. Исенгазин