Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2025 жылғы 27 қарашада Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мынадай мәселелер қаралды:

  1. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2025 жылы жобаларды іске асыру.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауданда 2019 жылдан бері жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Осы кезеңде республикалық және облыстық бюджеттер қаражаты есебінен 3 млрд. 609 млн. теңге сомасына 56 нысанға күрделі және орташа жөндеу жүргізілді.

Жоба аясында ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен 285,7 млн. теңге сомасына 4 жоба іске асырылды.

Алдағы кезеңге 1 млрд.858,1 млн. теңге сомасына ауданның 14 ауылында 26,91 км құрайтын 23 көшені жөндеу бойынша ведомстволық сараптама қорытындысымен әзірленген техникалық құжаттама бар.

  1. Дипломмен – ауылға!

«Дипломмен – ауылға!» жобасы іске асырылғаннан бастап 543 маман 119,1 млн. теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды. Бюджеттік кредиттер 267 маманға 892,2 млн. теңге сомасында берілді.

2025 жылы 88,5 млн. теңге сомасына 9 бюджеттік кредит және 10,2 млн. теңге сомасына 26 көтерме жәрдемақы берілді.

81,4 млн. теңге сомасына 9 бюджеттік кредит беру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілді.

  1. Ауданның ауылдық округтерінде суға тарифтер туралы.

Федоров ауданында барлығы 44 елді мекен бар, халық саны 24223 адамды құрайды.

2025 жылғы қарашадағы жағдай бойынша сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету 100% құрайды.

Орталық сумен 20 ауыл немесе 82,5% қамтамасыз етілген.

Барлық ауылдардағы су тарифі әртүрлі.

4 ауыл субсидияланады – 3422 абонент, қарашадан бастап Александрополь мен Копыченка субсидиялауға беріледі.

Федоров ауданы әкімдігінің «Водстрой» МКК балансына берілген жағдайда Қосарал және Первомай ауылдық округтерінің су құбырлары  2025 жылғы желтоқсанда субсидиялауға берілетін болады.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                           С. Баймурзина