Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының отырысында «Мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 158 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қаралды.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

«Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко сессияға қатысушыларды төртінші деңгейдегі бюджетке енгізілетін өзгерістер туралы хабардар етті.

Сессия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, тиісті шешім қабылдады.