Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияда 2 мәселе қаралды.

«Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко ақпарат берді.

Екінші мәселемен депутаттар мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 21 ««Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізуді талқылады.

Сессия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.