Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Бүгін Федоров аудандық мәслихатының депутаттары тұрақты комиссияның отырысында «Федоров ауданындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі туралы» мәселені қарады. Костряков, Камышин ауылдық округтерінің әкімдері және Федоров ауылдық округі әкімінің орынбасары баяндама жасады. Әкімдер өз баяндамаларында жергілікті қоғамдастық жиналыстарында қаралатын мәселелерді қоса алғанда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ауылдық округтерді дамытуға қатысты халықтан келіп түсетін ұсыныстар туралы ағымдағы қызметін атап өтті.

Сондай-ақ, жергілікті қоғамдастықтың өкілі Т.М. Волоткевич баяндама жасады, ол сайлау заңнамасы арқылы жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы туралы айтты.

Талқылау соңында тұрақты комиссияның төрағасы А.М. Байназаров отырысты қорытындылап, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмысының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия тиісті қаулы шығарды.