Шахматтан «Senat Open 2025» II-ші ашық кубогының финалы

Шахматтан «Senat Open 2025» II-ші ашық кубогының финалы

2025 жылғы 28 тамызда Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б.Е. Исенгазин аудандық мәслихаттың депутаты А.С. Резникпен бірге шахмат бойынша «Senat Open 2025» II-ші ашық кубогының финалына қатысты.

Финалды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов ашты. Олар біздің республикада бұқаралық шахмат қозғалысын дамыту және зияткерлік спортты насихаттау турнирдің басты мақсаты болып табылатыны туралы атап өтті.

Шахмат турнирі елордада өтті, мұнда 200-ден астам қатысушылар жарысты. Жарыс жеке және командалық сынақтарда өтті.