
Бүгін Көкшетау қаласында «Senat Open» - 2025 II-ші ашық кубогының жартылай финалы өтті. Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б.Е. Исенгазин аудандық мәслихаттың депутаты А.С. Резникпен бірге жартылай финалға қатысты.
Шахмат турнирінде мәслихаттар мен Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, Қоғамдық кеңес мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері сайыска түсті. Үздік ойыншылар тамыз айының аяғында Елордада өтетін финалға қатысады.
Турнирдің негізгі мақсаты – бұқаралық шахмат қозғалысын дамыту және республикамызда зияткерлік спортты насихаттау.