Бүгін Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы өтті.
Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.Қ. Исабаев, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияда 5 мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко сөз сөйледі, ол сессияға қатысушыларды мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабардар етті.
Екінші мәселемен депутаттар аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені талқылады.
Сондай-ақ сессияда Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың және учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы өзгерістер қаралды.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.