Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 27 маусымда сағат 10:00-де Федоров ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

Сессияның қарауына мынадай мәселе енгізіледі:

  1. Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 73 «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Мәслихаттың 2017 жылғы 24 наурыздағы № 121 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.