
Бүгін Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында Федоров аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлері «Күй шеруі» облыстық акциясына қатысты. Сондай-ақ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Жанна Бапановна Идрисова ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін Федоров ауданы әкімінің алғысына ие болды.