Қоғамдық кеңестің отырысы

Қоғамдық кеңестің отырысы

Федоров ауданы тұрғындарының назарына!

2025 жылғы 29 мамырда сағат 15.00-де Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Отырыста мынадай мәселелер қаралатын болады:

  1. Жастар ресурстық орталығының, аудан еріктілерінің «Таза Қазақстан» акциясын орындау барысы, жалғызбасты қарт азаматтарға, мүгедектерге үй маңындағы аумақтарды жинау бойынша көмек көрсету туралы.
  2. 2025 жылдың жазында Федоров ауданында балалардың сауығуы мен демалысын ұйымдастыру туралы.
  3. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын бейімдеу жөніндегі 2025 жылға арналған бағдарлама туралы.
  4. Жұмысшы кәсіптеріне кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі бағдарламаны орындау жөніндегі ақпарат.
  5. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету туралы (мониторинг қорытындылары).

Қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстар, ескертулер эл.пошта maslihat.fed@gmail.com немесе 21-6-74 телефоны арқылы жіберілсін.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                          С. Баймурзина