Төрағалық етті – С.А. Баймурзина, ҚК төрайымы
Қатысқандар: Н.А. Аслиева, И.А. Бекмухамбетова, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, А.С. Мырзахметова, Б.А. Сапарова, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова
Шақырылғандар:
Р.Д. Баймурзин – «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы
Ж.Ж. Айменов – «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ әдіскері
Күн тәртібі:
- Жаркөл станциясының жұмысы, жақын арадағы болашағы.
(ақпарат. Б.А. Сапарова)
- Ауданда автобус қозғалысын ұйымдастыру туралы.
(ақпарат. Ж.Ж. Айменов)
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және оларға құрметпен қарау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы.
(ақпарат. И.А. Бекмухамбетова)
- Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік сала объектілерін бейімдеу жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы туралы.
(ақпарат. Р.Д. Баймурзин)
- «Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету туралы» мәселесі бойынша 2026 жылдың 5 айы ішіндегі мониторинг қорытындысы.
(ақпарат. З.А. Шашкова)
Тыңдалды: Б.А. Сапарова – Жаркөл станциясының жұмысы, жақын арадағы болашағы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Б.А. Умертаев
Шешім қабылданды:
- Б.А. Сапарованың «Жаркөл станциясының жұмысы, жақын арадағы болашағы» жөнінде ақпараты мәліметке алынсын.
- Қоғамдық кеңестің 2026 жылғы шілдедегі кезекті отырысында Жаркөл станциясының жұмыс болашағы туралы станция бастығы Арман Маратович Жилгельдин тыңдалсын.
Тыңдалды: Ж.Ж. Айменов – Ауданда автобус қозғалысын ұйымдастыру туралы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: З.А. Шашкова, А.А. Ворожеев
Шешім қабылданды:
- Ж.Ж. Айменовтің «Ауданда автобус қозғалысын ұйымдастыру туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автобус қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
Тыңдалды: И.А. Бекмухамбетова – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және оларға құрметпен қарау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Н.А. Аслиева, Б.А. Умертаев
Шешім қабылданды:
- И.А. Бекмухамбетованың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және оларға құрметпен қарау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- 2026 жылдың шілде айы ішінде барлық мемлекеттік мекемелер бойынша мониторинг жүргізілсін.
- Қоғамдық кеңестің мүшесі Б.А. Умертаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ-не Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде хат дайындау тапсырылсын.
Тыңдалды: Р.Д. Баймурзин – Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік сала объектілерін бейімдеу жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы туралы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: Е.А. Запорожану, С.А. Баймурзина
Шешім қабылданды:
- Р.Д. Баймурзиннің «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік сала объектілерін бейімдеу жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- Ай сайын әлеуметтік нысандарды бейімдеу бойынша мониторинг жүргізілсін.
- Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін объектілерді бейімдеу бойынша мекеме басшыларымен, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жандандырылсын.
Тыңдалды: З.А. Шашкова – «Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету туралы» мәселесі бойынша 2026 жылдың 5 айы ішіндегі мониторинг қорытындысы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Б.А. Умертаев
Шешім қабылданды:
- З.А. Шашкованың ««Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету туралы» мәселесі бойынша 2026 жылдың 5 айы ішіндегі мониторинг қорытындысы» ақпараты мәліметке алынсын.
- БЖСМ, агроөнеркәсіптік инспекция басшыларына кемшіліктерді 1 ай ішінде жою ұсынылсын.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина