Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2026 жылғы 3 маусымдағы хаттамасы

Төрағалық етті – С.А. Баймурзина, ҚК төрайымы

Қатысқандар: Н.А. Аслиева, И.А. Бекмухамбетова, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, Б.А. Сапарова, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова

Шақырылғандар:

Д.А. Бектыбаева – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы

А.Е. Ахметова – Федоров ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры 

Күн тәртібі:

  1. 2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.

(ақпарат. Д.А. Бектыбаева)

  1. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы.

(ақпарат. А.Е. Ахметова)

Тыңдалды: Д.А. Бектыбаева – 2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы (ақпарат қоса беріледі).

«Жазғы науқан – 2026» «Қызықты демалыстар мектебі» бірыңғай атауымен өтетіні, жазғы демалыспен қамту 100% құрайтыны атап өтілді.

Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Н.А. Аслиева, Е.А. Запорожану

Шешім қабылданды:

  1. Д.А. Бектыбаеваның «2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Білім беру ұйымдарына:

- санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуды, су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеуді бақылауда ұстау;

- ата-аналардың қырағылығын арттыру мақсатында WhatsApp-тың ата-аналар чаттарына және басқа да мессенджерлерге балалардың қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын үнемі жариялау, сондай-ақ сайттар мен әлеуметтік желілерде орналастыру ұсынылсын.

Тыңдалды: А.Е. Ахметова – Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Н.А. Аслиева, Е.А. Запорожану

Шешім қабылданды:

  1. А.Е. Ахметованың «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Федоров ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не әлеуметтік желілерде, БАҚ-та, ЖРО-ның ресми аккаунттары арқылы өз қызметін (жұмысқа орналастыру, жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жағымсыз құбылыстардың алдын алу, еріктілік, «Жасыл ел» еңбек жасағының қызметі, жастар бастамалары және өткізілетін іс-шаралар туралы материалдарды) жариялай отырып, барлық бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                          С. Баймурзина

Дата публикации
10 июня 2026