9 тамызда Есіл аудандық мәслихатының депутаты А. Тюркин Интернациональное және Московское ауылдарына барды. Интернациональное ауылында «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында ұзындығы-1,0 км Маяковский көшесіндегі көше-жол желісін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, негізді орнату және асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізілді, бүгінгі таңда жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Ақмола облысының Жол активтерінің сапа орталығымен жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге шарт жасалды.
Московское ауылында ұзындығы 1,14 км Комсомольская және Садовая көшелеріндегі автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталуда. Депутат бірқатар ұсыныстар берді.