Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарламасы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес және «Учаскелік сайлау комиссияларын құру туралы «2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 24/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Есіл аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 15 шілдедегі № 47/7 қаулысы негізінде Ақмола облысының Есіл аудандық мәслихаты № 790 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру  туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссиясының сандық құрамын учаскедегі сайлаушылар санына қарай Есіл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылғы 13 тамызға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 13 тамызға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:45-тен 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 12:45-тен 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Есіл аудандық мәслихаты

Әділбаева Анар Сембайқызы - Есіл аудандық мәслихатының төрарайымы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 6.

Жауапты тұлға – Серікова Гүлнара Досмағанбетқызы, қалааралық телефон коды (8 716 47), қызметтік телефон нөмірлері: 22-1-94, 21-4-31, электрондық пошта мекенжайы: esil_masl@aqmola.gov.kz.

Есіл аудандық мәслихаты № 767 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:

 

 

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың)атауы

Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы

комиссия мүшелерінің саны

 

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

1

790

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Есіл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есіл қаласы

Мұхтар Әуезов

63

5

 

Есіл аудандық мәслихаты

 

 

 

Қосымша 4 Қосымша 5