Азаматтырды қабылдау

Азаматтырды қабылдау

Бүгін Есіл аудандық мәслихатының депутаты Лариса Клименко азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Депутатқа Макаренко көшесіндегі №16 «а» үйінің тұрғындары Гүлмира Ғабдулинова мен Фарида Бакирова кәріз жүйесіндегі проблемалар бойынша жүгінді.

Азаматтарды қабылдауға Есіл ауданы әкімінің орынбасары Асқарбек Мақсұмхан және уәкілетті органдардың басшылары қатысты.

Кәріз жүйесінің айналымын жақсарту үшін әңгіме барысында дренаждық сорғыны орнату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, кәріз ағындарының ағып кетуіне жол бермеу үшін осы үйге ассенизатор машинасымен қызмет көрсету кестесі құрылады.

Осы үй тұрғындарының проблемалық мәселелерін қарау мақсатында ауданның құрылыс бөлімі мердігерге қолда бар бұзушылықтарды жою туралы хат жолдайтын болады.