Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Бүгін Есіл аудандық мәслихатының хатшысы Сәуле Ағымбаеваның төрайымдығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына Есіл ауданының әкімі Еркебұлан Баяхметов, аудан әкімінің орынбасары Н. Саматов, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауданның атқарушы органдарының басшылары мен бас мамандары, Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі «Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бойынша экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Луцкая сөз сөйледі.

Депутаттар аудандық бюджетке өзгерістер бекітті - бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ақшалай қаражат қайта бөлінді.

Бұдан әрі ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы С. Буркова тыңдалды, ол аудандық мәслихаттың «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» және «Есіл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешімдеріне енгізілетін өзгерістер туралы хабардар етті.

Кадрлық өзгерістерге байланысты Есіл ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға өзгерістер енгізілді.

Барлық қарастырылған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.