Есіл қаласының тұрғындарымен кездесу

Есіл қаласының тұрғындарымен кездесу

17 қарашада аудандық мәдениет үйінде Есіл ауданының әкімі Еркебұлан Баяхметов Есіл қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге Есіл ауданының депутаттары Александр Артёмов, Лариса Клименко, Сейлбек Сағатов, Есіл қаласының әкімі Ғазиз Айтмұхамбетов, мемлекеттік мекемелер басшыларының қатысуымен өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы: 2022 жылдың өткен кезеңіндегі Есіл ауданының әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштері.

Аталған ақпаратқа сәйкес Есіл қаласында ағымдағы жылы көше-жол желісінің учаскелерінде орташа жөндеу жүргізілді: Ж. Жабаев көшесінде - №1 үйден Әйтеке Би көшесіне дейінгі учаскесі, Самохвалов шағын ауданнан №7 АТК-ға дейін, Ишхан Сарибекян көшесінде, Өндіріс даңғылында, Тәуелсіздік көшесін орташа жөндеу, қаланың автожолдарын шұңқырлы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жаяу жүргіншілер жолдарын жайластыру және қоқыс алаңдарын монтаждау жұмыстары жүргізілді. Екі балалар спорттық-сауықтыру алаңы жабдықталды, жасанды жабыны бар хоккей корты орнатылды, көше баскетбол алаңы жабдықталды. Келесі жылға арналған жоспарлар да айтылды, олардың арасында Сайлау Серікова орта мектепті күрделі жөндеуге бюджеттік өтінім берілгені атап өтілді, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қайта жанданды. Есіл қаласының әкімі Ғазиз Айтмұхамбетов қатысушыларға келесі жылы Есіл қаласының оңтүстік бөлігіндегі екі көшенің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жоспарланғанын хабарлады.

Кездесу барысында Ғарышкерлер көшесі, 3 мекен-жайы бойынша тұратын тұрғындар мәселені шешуге көмек сұрады: үйге іргелес аумақты ЖБО басып қалды. Бұл мәселе бойынша коммуналдық қызметтерге мәселені шешу үшін түсініктеме және тапсырма берілді.