Московское ауылының тұрғындарымен кездесу

Московское ауылының тұрғындарымен кездесу

16 қарашада өткен Есіл ауданының әкімі Еркебұлан Баяхметовтің Московское ауылының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде 2022 жылдың өткен кезеңінде Есіл ауданының әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері айтылды. Кездесу Есіл аудандық мәслихатының хатшысы Сәуле Ағымбаеваның, мемлекеттік мекемелер басшыларының қатысуымен өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары түрлі аспектілерге қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Мәселен, желді ауа-райында электр энергиясымен проблемалар байқалады, сумен жабдықтауда проблемалар бар: су құбыры «Московское» ЖШС балансында. Сорғылар жиі істен шығады, уақтылы қалпына келмейді. Қазіргі уақытта сорғы сатып алынды, су беріледі. Орта мектепте терезе жақтауларын ауыстыру қажет, медициналық пунктте медициналық қызметкер жоқ, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемалары бар. Қазақтелеком бойынша да проблемалық мәселе бар: 38 апаттық тіректің тек 8-і ауыстырылды. Барлық проблемалық мәселелер одан әрі жұмыс істеу үшін бақылауға алынды. Ағымдағы жылы ауылда кентішілік жолға орташа жөндеу жүргізілді, энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасында тағы екі кентішілік жолды жөндеуге бюджеттік өтінім әзірленіп, жолданды.