Ақсай ауылына шығу

Ақсай ауылына шығу

21 маусымда Есіл ауданына Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәуле Нұрғожина, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев, Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина келді.

Делегация құрамында Есіл аудандық мәслихатының хатшысы Сәуле Ағымбаева Есіл ауданының әкімі Еркебұлан Баяхметовпен бірге Ақсай ауылында мердігер «Көлсай Строй» ЖШС-мен Ақсай ауылының сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру бойынша кездесу өткізді. Жобада сорғы станциясы, 2 ұңғыма, 150 кубтан 2 резервуар, хлоратор, су тегеурінді мұнара, таратушы және магистральдық желілер (13 км.кентішілік желілер, 2 км. 400 метр су таратқыш) көзделген. Сонымен қатар, сумен жабдықтау жүйесін қайта құру колонкалардың болмауын және әрбір үйге су құбырын тартуды көздейді, бұл 242 ауланы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні кентішілік желілер мен су тарту бойынша жұмыстар аяқталды, содан кейін су айдау станциясына кіріседі. Жоба бойынша жұмыстарды ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.

Сәуле Нұрғожина мердігердің назарын жауапкершілікке, адалдыққа және сапалы материалды жеткізуге аударды, мәслихат депутаттары тарапынан бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Еркебұлан Еркешұлы ауданда сумен жабдықтау бойынша ағымдағы жағдай туралы хабардар етті, сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру бойынша қолда бар дайын жобаларды белгіледі (Знаменка а., Красивое А., Свободное а.).