Аудандық мәслихаттың 27-ші кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың 27-ші кезектен тыс сессиясы өтті
21 маусымда Сәуле Ағымбаеваның төрайымдығыммен өткен Есіл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар «2022 жылға арналған Есіл ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» шешім қабылдады. Осы мәселе бойынша «Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі В.А. Нұртдинова сөз сөйледі, депутаттарды шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту бойынша жүргізілген жұмыс туралы хабардар етіп, есептеулерге сәйкес 27,73 теңгені құрады. Есіл қаласында бүгінгі күні мүлік иелерінің 7 бірлестігі тіркелген, тағы екі үй жұмыста.
Сондай-ақ депутаттар қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізді.