Интернациональный ауылының тұрғындарымен кездесу

Интернациональный ауылының тұрғындарымен кездесу
Есіл аудандық мәслихатының «AMANAT» партиясынан С.Ағымбаева, Д.Болданов, А.Кекенова, Л.Клименко, А.Тюркин және «Ауыл» партиясынан депутат А.Артемов Интернациональный ауылының тұрғындарымен кездесті.
Интернациональный ауылы-аудан орталығынан ең шалғай ауылдардың бірі. Төртінші деңгейдегі бюджеттердің қолданысқа енгізілуіне және өз бюджеті қаражатынан ауылдың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты инфрақұрылымды дамыту едәуір қиындады, өйткені ауылдардың көпшілігінің кіріс бөлігі аз.
Диалог алаңына қатысқан Интернациональный ауылының тұрғындары белсенділік танытып, сұрақтар қойды. Сонымен, Баженко Людмила Николаевна ең маңызды жалпы проблеманы – ауыз сумен қамтамасыз етуді белгіледі. Бұл су құбырының істен шығуы жиі кездеседі, сондықтан тұрғындар сусыз қалады. Су құбыры бойынша екінші сұраным - үйлерге су тарту немесе көшелер бойынша қосымша колонкалар орнату (желілерді жөндеу кезінде бір көшені қамтымаған), бар колонкалар тұрғын үйлерден едәуір қашықтықта орналасқан. Интернациональный ауылында 2009 жылы желілерге күрделі жөндеу жүргізілгенін, 2012 жылы су қабылдағышты қайта жаңарту жүргізілгенін атап өткім келеді. Қазір аталған су құбыры «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК балансында.
Тұрғындардың екінші маусымдық басты мәселесі-мал жаю, дәлірек айтқанда-шопанның болмауы (ірі қара мал басының аздығына байланысты жалақының аздығы).
Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрайымы Абитова Елена Петровна көшелерді жарықтандыру бойынша сұрақ қойды. Округ әкімі тұрғындарға осы жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізу жоспарланғанын хабарлады. Жұмыс РЭҚ қисайған деформацияланған жарықтандыру тірегін бөлшектегеннен кейін басталады.
Қайыржанова Эльмира Мұсаханқызы мұсылман зиратын қоршау мәселесітуралы айтты. Округ әкімінің айтуынша, тұрғындармен бірлесіп жұмыс басталды: зираттың периметрі бойынша бағаналар орнатылды. Енді демеушілерді тауып, жұмысты аяқтау керек.
Асылхан Тұяқов жұмысқа орналасу және көше жол желісін жөндеу бойынша сұрақ қойды. Округ әкімі Евгений Нуртазин ауылдың үш көшесін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатқанын түсіндірді. ЖСҚ дайындалғаннан кейін «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде бюджеттік өтінім жіберілетін болады.
Жалпы, барлық тұрғындар елді мекенді абаттандыру бойынша сұрақтар қойып, қараусыз қалған үйлерді талдау, көң шығару және бос аумақтарды қураған ағаштардан тазарту қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде депутаттар округ әкіміне халықпен белсенді жұмыс істеуге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында меморандумдар жасау жұмыстарын жолға қоюға кеңес берді.
Барлық айтылған мәселелер халық үшін шын мәнінде маңызды болып табылады және ауданның атқарушы органдарына беріледі. Сонымен қатар, партияның «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» жол картасында белгіленген мәселелер партиялықтардың ерекше бақылауында