Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

2021 жылғы 11 қазанда дербес бөлім басшыларымен және ауыл, ауылдық округ және Красногорский кентінің әкімдерімен ағымдағы мәселелер бойынша аппараттық кеңеске қатыстым.

Күн тәртібінде:

- Жылыту маусымының өтуі туралы "Есіл ауданының ТКШ, ЖК, АД және ЖИ бөлімі" ММ басшысы А. Бирюков баяндама жасады;

- Егін жинау науқанының қорытындысы туралы "Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" ММ басшысы И. Садвокасов сөз сөйледі;

- Есіл ауданында тұрғындар арасында вакцинация жүргізу туралы "Есіл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы "РММ басшысы Т. Мұхаметова және Есіл аудандық ауруханасы ​ ШЖҚ МКК бас дәрігері Е. Жаркенов баяндама жасады;

- Есіл ауданының халық санағы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ауданының статистика басқармасының санақ бөлімінің бастығы Г.Каирова сөз сөйледі.

Дербес бөлім басшыларына және ауыл, ауылдық округ, Красногорский кентінің әкімдеріне жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.