Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

Ағымдағы жылдың 11 қазанда аудандық мәслихатта аудандық мәслихат депутаты Б.С. Баймұратовтың төрағалығымен депутаттық өкілеттік пен этика, жастар істері, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Комиссия жұмысына аудандық мәслихаттың хатшысы С.К. Ағымбаева қатысты.
«Есіл ауданында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы» ақпаратпен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Т.Р. Ахметжанов сөз сөйледі.
Бұл мәселедегі негізгі көрсеткіш халықтың қатысуымен аудандық спорттық-бұқаралық және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Егер 2020 жылы 3000-нан астам адамды қамтитын 34 аудандық спорттық – бұқаралық іс-шара өткізілген болса, ағымдағы жылы-24, 750 адамды қамтиды.
Депутаттардың назары аудандағы спорттың дамуына әсер ететін проблемаларға да аударылды: бұл ауылда спорт бойынша штаттық нұсқаушы – әдіскерлердің болмауы, сондай-ақ көліктің болмауы, бұл құрама командаларды облыстық жарыстарға жеткізуге әсер етеді.
Депутаттардың сұрақтарына білім бөлімінің басшысы Н.Р. Полюх, білім бөлімінің спорт жөніндегі әдіскері Б.А. Әхімбеков, БЖСМ директоры О.А. Тоқтыбаева түсініктеме берді.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар алдағы жұмыс бойынша ұсыныстар берді.