Есіл ауданының әкімі тағайындалды

Есіл ауданының әкімі тағайындалды

2 қазанда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Есіл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. «Есіл ауданы әкімінің лауазымына тағайындауға келісім беру туралы» мәселе қарауға шығарылды.

Ермек Маржықпаев аудан әкімі лауазымына тағайындау үшін депутаттармен келісуге Баяхметов Еркебұлан Еркешұлының кандидатурасын ұсынып, қызметтік тізімі мен мінездемесін жариялады.

Депутаттардың келісімімен Ермек Маржықпаев Есіл ауданының әкімі Баяхметов Еркебұлан Еркешұлын қызметке тағайындау туралы өкімге қол қойды.